homepage
Фото: видеодан алынды

Алматы облысында домбыра мұғалімі 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен ұсталды

Juzmedia. kz
14.05.2025, 11:49

Алматы облысында 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен домбыра үйірмесінің ұстазы ұсталды. деп хабарлайды Juzmedia.kz 31 арнаға сілтеме жасап. 

Екеуінің қонақүйге барып, бөлмеге бірге кіргені бастан-аяқ бақылау камерасына жазылған. Көп ұзамай полицейлер жетіп келіп 33 жастағы ер адамның қолына кісен салады. Ал қонақүйдің қожайыны бұл оқиғаның қасақана ұйымдастырылғанын айтады. Себебі, кәмелетке толмаған қыз бұған дейін де дәл осылай өзге азаматқа қастандық жасаған деп отыр.

Оқиға Өтеген батыр ауылындағы "У Розы" қонақүйінде болған. Түнгі сағат 2-ден аса қонақүйге ер адам кіреді. Қызметкерден бөлменің бағасын сұрағасын, сыртқа шығып, жанына жас қызды ертіп қайта келеді. Ақшасын қолма-қол төлеп, екеуі бос бөлмеге қарай кетеді. Олар бөлмеге кіргеннен кейін көп ұзамай қонақүйге полицейлер келеді. 

Бұл ақпаратты қонақүй қожайыны растап отыр. Оның айтуынша, бұл құрыққа түсіру айласы. Алматы облысы полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстап аудандық бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жәйін жан-жақты, толық әрі обьективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде”, – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова. 

Полиция “16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу” бабы бойынша іс қозғағанын атап өтті. Қылмыс дәлелденсе күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.