homepage
Фото: ruzaevka-rm.ru

Бүгін елімізде 42 градус ыстық болады

Juzmedia. kz
15.05.2025, 09:31

Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі,  деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бейсенбі, 15 мамырда, Ираннан келетін жылы ауа массасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек шығыс өңірлерде, солтүстік пен батыстың кей жерлерінде аздаған жауын жауады.

Солтүстікте ауа температурасы тәулік бойы +13…+30 °С болады.

Орталықта термометр бағандары +16…+37 °С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстікте температура +15…+42 °С шамасында сақталады.

Шығыста +14…+27 °С аралығында құбылады.

Батыста ауа температурасы +10…+25 °С деңгейінде болады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.