Талдықорғанда өтіп жатқан сотта 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты жантүршігерлік видео көрсетілді. Сотталушылардың бірі Дархан Әскентай марқұмның қансырап жатқан сәтіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Сот процесінде прокурор Ержан Құрақбаев «Шерзатты сол кезде кім ұрды?» деп сұрады.
"Мен жоғары көтеріліп бара жатқан кезде оны ешкім ұрмаған еді. Оның қасында тек бір бала болды. Шерзаттың жанында бір бала жатты, ол "скорый, скорый" деп айғайлады", - деп жауап берді Дархан Әскентай.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға «Жаңа видеоны көрдіңіз ғой. Нұрғанатты сол жаққа сүйреп әкетті. Оң жағында Шерзат болды. Сол кезде Шерзатты кім ұрды» деп қайта сұрақ қойды.
"Сүйреп әкеткен жоқ. Өйткені ол мылтықты оқтап жатқан кезде құлап қалды. Оны ешкім сүйреген жоқ. Мен кім ұрғанын білмеймін. Көрмедім", - деді ол.
Сонымен қатар Әскентай мылқтықты Шерзаттың ағасы Нұрғанат оқтағанын және екі мәрте атқанын атап өтті.
"Мен мылтықтың атылғанын көрдім. Қай жақтан шыққаным білмеймін, қасымнан, екі метр жерден Нұрғанаттың мылтығы атылды", - деп қосты ол.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.