homepage
Фото: istockphoto.com

Мүфтият құдай асқа қатысты ресми құжатты бекітті: дастархан мәзірі жарияланды

Juzmedia. kz
15.05.2025, 15:56

Қазақстанда өткен имамдардың кезекті форумында «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты бір ауыздан қабылданды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді.

Осы құжатқа сәйкес, құдайы ас мәзіріне қойылатын талаптар мынадай: қарапайым әрі адал тағамдар, нақты айтқанда нан өнімдері, шай, ыстық ас, яғни ет немесе күріш, сары май, тары, талқан, қант, кәмпит болуы тиіс.

«Өкінішке қарай, қаражаты жоқ адамдар «елден қалмайын» деп қарызға батып, абырой іздейді. Қарапайым отбасы үшін ас беру аза тұту емес, ауыр міндетке айналып бара жатқанын бәріміз көріп жүрміз. Құдайы асты ысырапсыз, қарапайым, Құранмен, дұғамен өткізу – шариғат талабы әрі ұлттық тәрбие. Сол үшін дастарқанда ас мәзірін емес, дұғамызды, жақсы сөзімізді көбейткеніміз абзал. Ысыраптан аулақ болайық, ниетті түзетейік дегім келеді», - деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.