homepage
Фото: egemen.kz

Астанадағы парадқа кіргізбей қойған тыл ардагеріне жайдарманшылар шипажайға жолдама сыйлады

Juzmedia. kz
16.05.2025, 21:20

Астанадағы әскери парад кезінде кеудесінде медальдары бар қарияны трибунаға кіргізбей қойған. Бұл жағдай желіде қызу талқыға түскен болатын, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Кейін Астана әкімдігі тыл ардагері, профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көпжылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрап, мәлімдеме жасады.

“Іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылды. Орын санының шектелуін, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді. Бұл ретте шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ. Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның жақындарына туындаған жағдайға байланысты шын жүректен кешірім сұрады. Теңдік Изақов 9 мамыр күні гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырылды”, – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Бүгін тыл ардагері, профессор нейрохирург Теңдік Изақов "Жайдарман" көңілді тапқырлар клубынан Катонқарағайдағы шипажайға жолдама алды.  Көрермендер оған орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.