homepage
ChatGPT жасаған сурет

"Зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техника, көпбалалы отбасыға үй алып беру": Атырауда тағы бір блогер ұсталды

Juzmedia. kz
19.05.2025, 16:36

Қазақстанда тағы бір блогер ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

"Ақ Жайық" басылымы мәліметінше, Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен блогер ұсталған.  Ол жалған ұтыс ойындары мен қайырымдылық жасау желеуімен оқырмандардан ақша жинап отырған.

Полиция мәліметінше, әйел әлеуметтік желілерде тұрмыстық техника, тәттілер және зергерлік бұйымдар секілді бағалы сыйлықтары бар лотереялар туралы хабарландырулар жариялаған. Сонымен қатар, ол көпбалалы отбасыға үй салу үшін қаражат жинау бастамасын көтерген. Қатысу шарттары бойынша көрсетілген шотқа белгілі бір соманы аудару керек болған.

Алдын ала деректер бойынша оның "белсенділігі" 2023 жылдың қыркүйегінде басталған. Қазіргі уақытта 50-ден аса жәбірленуші анықталған. Кейбір жағдайларда залал сомасы 400 мың теңгеден асқан.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.