homepage
Фото: t.me/bort_01

Нұрлан Ұранхаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Juzmedia. kz
20.05.2025, 15:11

Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұрын хабарланғандай, Ұранхаев өнеркәсіп және құрылыс саласына жауапты болмақ.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, ол 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Нұрлан Ұранхаев еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб болып істеді.

Әр жылдары Семей қаласындағы «Сары-Арқа» АӨК басшысы, «Казиркутсклес» АОЗТ бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік барқармасының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласының ТЖМ мемлекеттік материалдық резерві комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, «Ертіс» ӘКК басқарма басшысының орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Семей қаласы гуманитарлық заң университеті президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ бас директоры, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

2022 жылдың маусымында Абай облысының әкімі болып тағайындалып, осы жылдың ақпан айына дейін қызмет атқарды. Оның орнына облыс әкімі болып Берік Уәли келді.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.