homepage
Фото: turkystan.kz

Студенттердің шәкіртақысы 1 қыркүйектен бастап тағы өседі

Juzmedia. kz
20.05.2025, 15:37

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есеге өсіп, 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінген.

«Бұдан басқа 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі. Бакалавриат үшін стипендия  52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге, докторанттар үшін 262 500 теңге болады. Яғни, осы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады", - деді вице-министр.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.