Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтып, оқушыларды спорт жарыстарына бақылаусыз жібермеуді тапсырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның айтуынша, спортшы оқушылар мінген көліктер жол апатына түсіп, қайғылы жағдайларға себеп болғаны баршаға аян.
“Сондықтан тиісті келісулер болмаса немесе патрульдік полиция бастап жүрмесе, спортшы оқушылардың өз елдімекендерінен тыс жерлерге шығуына жол бермеуді тапсырамын”, – деді ол.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.