20 мамыр күні таңертең «Алматы – Екатеринбург» автожолының бойында, «Қайрақ» шекара бекетінен шамамен екі шақырым жерде ішінде 10 шетел азаматы болған Ford Transit көлігінің жүргізушісі DAF жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Апат салдарынан оқиға орнында алты адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді”, – деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаменті.
Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, барлық қажетті тергеп - тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.