Қазақстандықтар соңғы бес жылда Семей мен Байқоңырдан көп көшкен, 2025 жылы Қонаев қаласынан көшіп кеткендер көш бастаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бірінші кредиттік бюро хабарлауынша, 2025 жылы сәуір айының басындағы мәліметі бойынша, еліміздегі республикалық және облыстық маңызы бар 41 қаланың 20-сында соңғы 12 айда халық саны азайған.
Семей халқы – 5,1%-ға 314 мың адамға дейін, Байқоңыр халқы – 3,6%-ға 32,4 мың адамға дейін азайған. Ал Қонаевта халық саны 8,2%-ке азайып, қазір мұнда 65,9 мың адам тұрады.
1 пайыздан астам халық азайған қалалар: Арқалық, Курчатов, Приозёрск, Степногорск, Риддер, Арыс, Шахтинск, Текелі.
Халық санының салыстырмалы түрде ең жоғары өсімі Астанадан 20 шақырым жердегі Қосшы қаласында тіркелген. Бір жыл ішінде мұндағы халық саны 8,3 пайызға өсіп, 61,5 мың адамға жетті. Еске сала кетейік, Қосшы қала мәртебесін 2021 жылғы шілдеде алған болатын.
Екінші орында – Астана. Мұнда өсім 6,9 пайыз болды. Одан кейін Түркістан, мұндағы халық саны 4,4 пайызға өсіп, 240,3 мың адамға жетті.
Елдегі ең ірі қала – Алматы, мұнда ресми түрде 2,3 миллион адам тұрады. Одан кейінгі орында Астана (1,55 млн) және Шымкент (1,26 млн).
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.