homepage
Фото: видеодан алынды

"Нұрқанатты үш рет пышақтадым": сотта басты күдікті жауап берді

Juzmedia. kz
21.05.2025, 17:13

Талдықорғандағы Шерзаттың кезекті сот отырысында басты айыпталушы – Абзал Шынасыл жауап берді. Ол өзіне тағылған айыпты жартылай мойындайтынын, бұрынғы жауабынан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Айтуынша, сол күні дәмханада достарымен көңіл көтерген. Сол күні Тоқтаубаев хабарласып, “Қамажай” дүкенінің алдында досын ұрып кеткенін айтқан.Оқиға орнына келгенде төбелес болып жатқан. Нұрқанат Ғайыпбаев ол тұрған жаққа мылтықпен оқ атқан.

 

«Шерзатпен бірге Нұрқанат қаша бастады, алайда Шерзат құлап қалды. Сол кезде мен оны ұрып-тептім, сосын Нұрқанатқа үш рет пышақ салдым. Бұны мойындаймын», - деді сотталушы.

Шынасыл Шерзатты өлтірдім деп басқа күдіктілермен келіскендіктен айтқанын мәлімдеді. 

«Полицияда Шерзатқа пышақ салдым деп айтуға мәжбүрледі.  Бізді алып бара жатқанда мен Шерзатты, Шыңғыс Нұрқанатты мойнына алуға келістік. Мен мойындаған жағдайда жаза жеңілірек болады деп ойладым», - деді ол.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.