Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек емделмеген адамдарды келді, емделді деп көрсетіп, миллиардтаған қаржы алған медициналық ұйымдардың ақшасы кері қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Бұл үлкен алаяқтық, қылмыс. Енді міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры да, одан қаржы алған ұйымдар да тексеріледі, есеп беруге міндеттеледі. Емделмеген адамды дәрігерге келді, емделді деп көрсетеді. Іс жүзінде медициналық қызмет атқарылған жоқ, бірақ ақшаны медициналық ұйымдар қалтасына басып отыр. Сөйтіп, көптеген адамды, мемлекетті, құқық қорғау органдарын алдап келді.Енді ол ақша қорға қайтарылады”, – дейді депутат.
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.