homepage
Фото: видеодан алынды

Сотта Шерзаттың мәйітінің суреті көрсетілді

Juzmedia. kz
21.05.2025, 20:32

Бүгін сот отырысыныда Шерзаттың мәйітінің суреті көрсетілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жәбірленуші тараптың өкілі Мейірман Шекеев Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиева баламның бетінде және саусақтарының арасында жарақаттар болды деді. Мына жарақаттар туралы не айтасыз деп, марқұмның мәйітінің суретін көрсетті. 

“Менің қолым тиген жоқ Шерзатқа, Шерзат мені ұрған жоқ”, – деп жауап берді басты сотталушы Абзал Шынасыл.

Айта кетейік, бұған дейін ол марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа үш рет пышақ салғанын айтқан болатын.

«Шерзатпен бірге Нұрқанат қаша бастады, алайда Шерзат құлап қалды. Сол кезде мен оны ұрып-тептім, сосын Нұрқанатқа үш рет пышақ салдым. Бұны мойындаймын», - деді сотталушы.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.