homepage
Фото: видеодан алынды

"Саған көп сұрақ қоймайды, келісіп қойдым": сотталушылардың желіде тараған сөздеріне қатысты сот қаулы шығарды

Juzmedia. kz
22.05.2025, 16:15

Желіде Шерзат Полаттың сот отырысынан кейінгі үзілісте айыпталушылардың айтқан сөздері тарап, қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін қатысушалыр тарқап жатқан сәтте екі адамның сөздері естілді.

– Көзіме жас келе жаздады, дұрыс сөйледім бе?
– Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын.

Кімдердің сөйлескені белгісіз. Алайда желі қолданушылары бұл айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының арасындағы келісім деген болжам айтып жатыр.

Бүгін судья Ержан Жанұзақов осы мәселеге қатысты қаулы шығарып, Алматы облысының прокурорына тексеріс жүргізуді тапсырды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.