homepage
Фото: анасының архивінен

Ақнәр Гүлстанның өлімі: Алматы полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

Juzmedia. kz
22.05.2025, 21:13

Алматы қаласы полиция департаменті былтыр қайтыс болған 21 жастағы Ақнәр Гүлстаннның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Қалалық ПД-нің тергеу басқармасы өткен жылдың шілде айында Алматы тұрғынының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық көрінісін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Тергеу шеңберінде материалдар жинақталып, талдануда, куәлардан жауап алынуда, бейнежазбалар зерделенуде, заңда көзделген басқа да процессуалдық әрекеттер жүзеге асырылуда”, – делінген ақпаратта.

Тергеу барысы Департамент басшылығының ерекше бақылауында.


“Біз марқұмның туыстарының бастан кешкен қайғысына шын жүректен ортақтасамыз. Сонымен қатар, соңғы процессуалдық шешім барлық тағайындалған сараптамалардың нәтижелерін алғаннан кейін және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін қабылданатын болады”, – делінген полиция мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі журналист Руслан Өтепбай 7 қабаттан құлап көз жұмған Ақнәр есімді бойжеткеннің өліміне қатысты тың деректі жариялап, жақын күндері құпия ашылатынын айтқан болатын.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.