homepage
Фото: gov.kz

Ресейге баратын қазақстандықтар үшін 30 маусымнан бастап жаңа талап енгізіледі

Juzmedia. kz
22.05.2025, 22:43

Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа талап енгізіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

qazaqstantv хабарлауынша, 30 маусымнан бастап Ресейге сапар шегетін Қазақстан азаматтары үшін жаңа ереже күшіне енеді.

Енді шекарадан өтерден 72 сағат бұрын арнайы цифрлық профиль толтыру міндетті болады. Бұл процесс RuID деп аталатын жаңа мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Қосымшада азаматтар өздерінің жеке мәліметтері мен фотосын жүктеуі, сондай-ақ, медициналық сақтандыруды рәсімдеуі қажет.

Жаңа жүйе заңсыз көші-қонмен күрес мақсатында қолға алынып отыр және барлық шекара өткізу бекетінде қолданылады. Бұл талап 6 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ, Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

Ресейге кіру үшін әрбір Қазақстан азаматы QR-код алуға тиіс. Бұл талап паспортпен де, жеке куәлікпен де шекара асатын азаматтарға бірдей қолданылады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.