ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км. жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер анықталуда. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Осы сәтте сотта сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сөйлеп жатқан болатын. Ол бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысқан сарапшы ретінде танымал. Жер сілкінісінен кейін судья үзіліс жариялады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.