homepage
Фото: видеодан алынды

«Жарақаттың тереңдігі - 12 см»: сарапшы Шерзатқа пышақ толық және күшпен салынғанын айтты

Juzmedia. kz
23.05.2025, 12:33

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында тараптардың сұрағына жауап берген тәуелсіз сот сарапшысы Тахир Халимназаров марқұмның кеудесіне тығылған пышақ жарақатының тереңдігі 12 см болғанын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Жарақаттың тереңдігі 12 см. Соған қарағанда жарақат қатты салынған», - деді Халимназаров.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай 12 см жарақатты ұзындығы 9,6 см болатын пышақпен салу мүмкін бе деп сұрады.

«Иә, кей жағдайда күшпен пышақ салғанда жараның ұзындығы пышақтың ұзындығынан ұзын болуы мүмкін», - деді сарапшы.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзат сотында мақұмның өліміне не себеп болғанын анықтаған сот-медициналық сараптама қорытындысы жарияланды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.