homepage
Фото: mail.kz

Ертең депутаттар Алматының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады

Juzmedia. kz
23.05.2025, 19:07

Алматы мәслихатының депутаттары 24 мамырда жаңа қала әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады, деп хабарлайды Juzmedia.kz Алматы қаласы мәслихатының ресми сайтына сілтеме жасап.

“2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды”, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Ерболат Досаев Алматы қаласын 2022 жылғы 31 қаңтардан бері басқарады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.