Сәтбаев қаласында қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам жасаған ісін мойындады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұлытау облысы ПД хабарлауынша, күдіктінің зардап шегушімен бетпе-бет кездесулері өткізілді. Қазіргі уақытта қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам мойындау көрсетілімдерін берді.
Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғынына жасалған шабуыл фактісі бойынша полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.
“Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа оқталу) және 120-бабының 1-тармағы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген ақпаратта.
Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайларын анықтауға, дәлелдерді жинау мен тіркеуге, тұрғындардан сұрастыруға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу жалғасуда.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.