Талдықорғанда қонақүйден әкімші әйелдің 12 рет пышақталған денесі табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz krisp.tdk-ға сілтеме жасап.
Мәйіт қонақүйдің бірінші қабатында болған өртті сөндіру кезінде табылды, бір нұсқа бойынша ер адам қылмысын жасыру үшін өрт шығарған.
"24 мамырда сағат 04:14-те Paradise Villa қонақүйінде өрт шыққан. Өрт 20 шаршы метрді шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толық сөндірілді, 35 адам оқшауландырылды", - деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД.
Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, күдікті ұсталғанын хабарлады.
"Жедел тергеу жолымен қылмыс ізі суымай жатып 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергуе әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу аясында жариялауға жатпайды", - делінген ақпаратта.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.