Қазақша ым-ишара тілі ресми мәртебеге ие болуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев депутат сауалына жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Вице-премьердің айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес Ұлыбританияда, Исландияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда, Австрияда, Испанияда, Швецияда, Оңтүстік Африка Республикасында ым-ишара тілі ресми мойындалған.
"Алдағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін тарта отырып, әлемдегі ым-ишара тілдері мен дактиль әліпбилерінің ресми бекітілуіне (мойындалуына) қатысты халықаралық тәжірибе зерделенетін болады. Одан кейінгі кезеңде мемлекет пен қоғамның инклюзивтілігі тұрғысынан мүдделі мемлекеттік органдар бейінді ұйымдар өкілдерімен бірлесіп, қазақ ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиін қабылдау мәселесі егжей тегжейлі пысықталатын болады", - дейді Көшербаев.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.