homepage
Фото: Depositphotos

Krisha.kz пен Kolesa.kz сайттарында алаяқтық жасаған 5 мыңнан астам аккаунт бұғатталды

Juzmedia. kz
26.05.2025, 09:33

Алматы облысы прокуратурасы интернет-алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл бойынша ірі онлайн-платформалар (Krisha.kzKolesa.kzOLX.kz) өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында үздіксіз ақпарат алмасу ұйымдастырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
 

“Бірлескен жұмыс нәтижесінде алаяқтық әрекеттер белгілері бар 5 мыңнан астам аккаунт анықталып, бұғатталды. Тағы 7 мың аккаунт тексеру аясында тұр. Бұл аккаунттардың басым бөлігі Алматы қаласы мен облысында пәтерлерді тәуліктік жалға беру, жылжымайтын мүлікті сату, автокөліктерді әдейі төмен бағамен сату және шетелден автокөлік бөлшектерін жеткізу тақырыптарымен байланысты. Алаяқтар, әдетте, өздеріне тиесілі емес объектілердің жалған фотосуреттерін пайдаланып «бронь» үшін алдын ала төлем талап еткен”, – делінген Алматы облысы прокуратурасы хабарламасында.


Прокуратура мен маркетплейстердің бірлескен жұмысы цифрлық ортадағы қылмыстарға қарсы мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алгоритмін қалыптастыруға ықпал етті.
 
Облыс прокуратурасы телекоммуникациялық және қаржылық ұйымдарды қоса алғанда, цифрлық экожүйенің басқа да қатысушыларымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

“Азаматтарды онлайн-сатып алулар кезінде сақ болуға және цифрлық платформалардағы хабарландырулардың шынайылығын міндетті түрде тексеруге шақырамыз”, – дейді прокуратура өкілдері.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.