Kaspi.kz акционері Михаил Ломтадзе жаңа қызметке сайланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың төрағалығымен ҚФФ-ның кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті.
Жиынның күн тәртібінде ҚФФ-ның ұйымдастырушы және жарғылық құрылымын жетілдіру мәселелері және Федерация Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Сондай-ақ Конференция құрамынан кей мүшелер шығарылып, жаңа мүшелерді қабылдау мәселесі талқыланды.
Жаңа өзгерістерге тоқталсақ: енді «Қазақстанның Кәсіби футбол лигасы» ЗТБ жарыстар өткізбейді, сондықтан ҚФФ мүшелігіндегі өкілеттілігі тоқтайды. Осыған сәйкес, КҚФЛ президенті Атқарушы комитеттің құрамына лауазымы бойынша ену құқығынан айырылды.
Сонымен қатар Жарғы талаптарын бұзған бірқатар ұйым ҚФФ мүшелігінен шығару туралы шешім қабылданды.
ҚФФ Жарғысының 66-тармағына сәйкес, Конференция Атқарушы комитеттің кейбір мүшелерінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады:
ҚФФ Жарғысына сай Атқарушы комитет құрамына келесі кандидаттар сайланды:
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.