Алмаоты облысында қыз алып қашу оқиғасы қайғылы аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz СMN-ге сілтеме жасап.
CMN.KZ тілшісінің хабарлауынша, қалыңдық көз жұмған.
Алматы облысындағы Үлкен Алматы айналма жолының 36 шақырымында қызды алып қашып келе жатқан көлік апатқа ұшыраған.
«Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz жолаушыларының бірі қаза болды. Жүргізуші мен тағы да екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша оқшаулау орнына қамалды», – делінген облыстық ПД ақпаратында.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.