Алматыда жетінші қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның анасы Гүлістан Хамит тергеу барысында өзіне полиция тарапынан қысым жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Бұл туралы justice_for_aqnar Instagram парақшасында Ақнәрдің анасы Гүлістан Хамит мәлімдеді.
Айтуынша, оған Астана қаласы Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарласып, үйіне полиция қызметкерлерін жіберетінін айтып, әлдебір видеоны талап еткен. Алайда, Гүлстан ханым қолындағы барлық бейнематериалдарды тергеушіге бұрыннан тапсырған. Қазір одан нақты не талап етіліп отырғаны мүлде түсініксіз.
«Қызы азапталып, қаза тапқан жәбірленуші тарапқа қысым көрсету — барып тұрған сұмдық. Қылмыскерлерге қатысты әділ әрі заңды шешім қабылдаудың орнына, тергеу бағытын басқа арнаға бұру кімге тиімді? Біз бұл әрекетті жәбірленушіні қорқытып-үркіту және әділдікке жетуге кедергі келтіру деп бағалаймыз», - делінген жазбада.
Еске сала кетейік, Ақнәр Гүлстан 2024 жылғы шілде айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған болатын.
Марқұмның анасы бұл оқиғаға байланысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп, қызының өзіне қол салуы мүмкін емес екенін, оның өліміне басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс туғызды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.