Сот үкімімен кәмелетке толмаған баладан ақша қорқытып алғаны үшін төрт адам сотталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша, сотталғандар жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, сөз байласып, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен.
“Психологиялық қысым жасап, атыс қаруын көрсете отырып, олар 4 млн теңге көлемінде соманың бір бөлігін алған. Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. Артынша қылмысқа қатысушылардың қалғаны құрықталған”, – делінген ақпаратта.
Мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі толық дәлелденді.
Қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.