Жамбыл облысында туыстарына жер берген екі әкімге айыппұл салынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жоғарғы соттың мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімінің жұбайының анасына 1 жыл мерзімге 0,0692 га жер телімі бау-бақша өсіруге берілген. Екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырылған.
Қаратөбе ауылдық округі әкімінің әпкесі бау-бақша өсіру үшін 0,1 га жер теліміне, сондай-ақ жеке меншікте бұрын жалға алынған 0,0763 га жер теліміне құқық алған.
Әкім әйелінің әкесіне 0,3500 гектар жер телімін берген.
Жамбыл аудандық сотында мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбауына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы).
“Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындады. Сот оларды ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 275 мың теңгеден әкімшілік айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.
Қаулылар заңды күшіне енді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.