homepage
Фото: pexels.com

Астаналық түлектерге 550-ден астам ЖОО гранты бөлінеді

Juzmedia. kz
27.05.2025, 20:08

Биыл астаналық түлектер үшін жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл Астанада 14 мың 200-ден астам түлек мектеп бітірді. Бүгінге дейінгі оқу жылдары ішінде оқушыларымыз мұғалімдерімен және ата-аналарымен бірге өздерінің ең жақсы қасиеттерін – жауапкершілігін, тәртібін, білімге құштарлығын көрсетті.
 

“Енді түлектеріміз үшін өмірінде жаңа әрі жауапты кезең басталады – мамандық пен жоғары оқу орнын таңдау. Өз тарапымыздан біз балаларымызды қолдауды ары қарай да жалғастырамыз: қаланың Білім басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Білім басқармасы қала колледждеріне (9 және 11-сынып негізінде) сұранысқа ие 62 мамандық бойынша 10 мың грант қарастырған”, – деп жазды қала әкімі.

Сонымен қатар қала әкімі өтіп бара жатқан оқу жылында рекордты мөлшерде білім беру мекемелерін салынып, пайдалануға берілгенін айтты.

“Олар – 24 жаңа мектеп. Аталған мектептер қалада шамамен 66 мың оқушы орнының (екі ауысымда) ашылуына мүмкіндік берді. 24 мектептің 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Сонымен қатар, алдағы жылдарға дайындық жұмысын жалғастырып жатырмыз. Жаңа оқу жылы барысында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Білім беру нысандарын салуға жеке инвестициялар да тартылып жатыр”, – дейді ол.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.