Сыртқы істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыдағы көпқабатты үйдің жетінші қабатынан құлап көз жұмған Ақнәр Гүлстанның ісіндегі екі қыз күдікті ретінде танылды ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Әзірге олар күдікті ретінде танылған жоқ. Жібірленушілердің уәждері толық тексеріліп жатыр. Желіде тараған видеоларға міндетті түрде құқықтық баға беріледі”, – деді Санжар Әділов Мәжіліс отырысынан кейін кулуарда журналистерге.
Еске сала кетейік, Ақнәр Гүлстан 2024 жылғы шілде айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған болатын.
Марқұмның анасы бұл оқиғаға байланысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп, қызының өзіне қол салуы мүмкін емес екенін, оның өліміне басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс туғызды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.