Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісінде Алматы облысының ауданаралық сотының судьясы Асқар Бейімбетов Абзал Шынасылдың қорғаушысы Әбеновтің судья Ержан Жанұзақовқа шағымын қарап, сот қаулысын шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Абзал Шынасылдың қорғаушысының айтуынша, Шынасыл оқиға орнына соңында келді деген дерекке мемлекеттік айыпталушылар қарсы шығып, өз нұсқаларын ұсынған. Видеоларға сәйкес емес жерлерді анықтауға өзі сарапшы мен тергеуші шақыруға өтініш түсірген. Алайда сот оған рұқсат бермеген.
Сотта сотталушы мен қорғаушы адвокаттардың көбі шағымданушы адвокатты қолдады.
Мемлекеттік айыптаушылар Әбеновтің арызының орынсыз екенін айтып, судьяны ауыстырмауды ұсынды.
Алматы облысының ауданаралық сотының судьясы Асқар Бейімбетов іске төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовты істен шеттетпеуге қаулы шығарды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.