homepage
Фото Juzmedia

Астанада “UMAI” кәсіпкер әйелдер қауымдастығының форумы өтіп жатыр

Juzmedia. kz
29.05.2025, 11:11

Астанада 500-ден астам әйл кәсіпкер қатысып жатқан “UMAI” кәсіпкер әйелдер қауымдастығының форумы өтіп жатыр,  деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мақсаты әйелдерге Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті дамыту және өз идеяларын іске асыруға көмектесу, сондай-ақ әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін және табысын арттыру. 

«Шарада әйелдерге кәсіпкерлікті дамытудың түрлі жоллдары, бейімделудің және қазіргі қоғамға сай шешім қабылдай білудің маңыздылығы, сондай-ақ табысты адамдардың қызмет жолы көрсетіледі», - дейді форум ұйымдастырушылары.

Форумға спикер ретінде танымал тұлғалар –  тележүргізушілер Санди Сұлтан және Майя Бекбаева, параспортшы, IT-маман және ынталандырушы спикер Айсұлу Сүлейменова, кәсіпкер, CEO және Smartestprep стартапының негізін қалаушы Лаура Вайгорова, кәсіпкер және маркетингтік агенттіктің негізін қалаушы Элла Макатова,  CEO Red Point Kazakhstan негізін қалаушы, «Уақыт әміршісі» кітабының және «Ақылды адамдар» подкастының авторы Әсел Қожақова қатысып жатыр.

Форум кезінде Қазақстан кәсіпкер әйелдерінің өздері жасаған тауарларынан «Анам жасады» деген атпен көрме ұйымдастырылады. Көрме қазақстандық кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін өткізіледі. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.