homepage
Фото: rail-news.kz

Биыл екі бағыт бойынша жаңа электр пойызы іске қосылады

Juzmedia. kz
29.05.2025, 14:23

Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов алдағы уақытта екі электр пойызы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылғы шілде айынан бастап Қарағанды мен Астана арасында 567 орынға есептелген жүрдек электр пойызы қатынай бастайды.

Ал биыл күзде Астана – Бурабай курорттық аймағы бағыты бойынша кезекті жаңа электр пойызы жүре бастайды. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат, пойыздың сыйымдылығы – 360 жолаушы.

“Биыл 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланған. Осы кезге дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді”, – дейді ол.

 

Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.