homepage
Фото: baq.kz

Шерзат соты: адвокат екі қызды да қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады

Juzmedia. kz
29.05.2025, 19:18

Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев куәгер ретінде жауап берген екі қыз Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні оқиғаны жасырып, хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Сотта Нұрбекова куәгер ретінде орысша жауап беріп, тергеудегі қазақша жауабынан бас тартты.Алайда тергеу кезінде берген жауабынан қазақша жақсы түсінетіні анықталды.  Оқиғадан кейін Нұрбекова сотталушылармен бірге көлікте отырып, бейнежазбада әңгімеге белсенді араласып, өз ойын айтқан. Ешкімнің тарапынан оған шектеу қойылмаған”, – деді адвокат. 

Айтуынша, Нұрбекованың әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 421-бабы 2-тармағына сәйкес – сотқа көрінеу жалған ақпарат беру, сондай-ақ 434-бапқа сәйкес – ауыр қылмыс туралы хабарламау белгілері бар. Сондай-ақ адвокат екінші куәгер – Дана Жақсыгелдіге қатысты да ҚК 434-бабы бойынша қаулы шығаруды сұрады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.