homepage
Фото: ortcom.kz

Көпбалалы отбасыларға бала санына қарай қанша мөлшерде жәрдемақы беріледі?

Juzmedia. kz
30.05.2025, 16:44

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға биыл 554 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Асқар Аймағамбетов 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу туралы айтып берді.

"Төлем мөлшері балалар санына қарай сараланды: 4 бала – 63 030 теңге, 5 бала – 78 798 теңге, 6 бала – 94 565 теңге, 7 бала – 110 332 теңге, 8 және одан да көп бала – әр балаға 15 728 (4 АЕК) теңгеден. Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға орта есеппен 176 млрд теңгеге 611,5 мың отбасы жәрдемақы алды", – деді ол  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Балалардың әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында.

Айтуынша, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына биыл 554 миллиард теңге қарастырылған. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.