homepage
Фото: gov.kz

"Күміс алқа" және "Алтын алқа" алған аналарға өмір бойына жәрдемақы төленеді

Juzmedia. kz
30.05.2025, 17:19

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов көпбалалы аналарға, атап айтқанда "Күміс алқа" және "Алтын алқа" алған аналарға өмір бойына жәрдемақы төленетінін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Көпбалалы аналардың беделін арттыру үшін өмір бойы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады, ол табысына қарамастан, "Күміс алқа" және "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге төленеді. Бүгінгі таңда 242 мың көпбалалы ана жәрдемақы алады, оларға 25,9 млрд теңге төленді."Алтын алқа" алған аналарға өмір бойына 29 мың теңге, "Күміс алқа" алған аналарға 25165 теңге төленеді”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Асқар Аймағамбетов көпбалалы отбасыларға бала санына қарай қанша мөлшерде жәрдемақы берілетінін айтқан болатын.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.