homepage
Фото: Liudmila Chernetska/Getty Images

Ақтөбеде екі баласын өлтірді деп айыпталған әйелдің соты басталды

Juzmedia. kz
30.05.2025, 18:43

Ақтөбеде екі баласын тұншықтырып өлтірді деп айыпталған келіншекке қатысты сот басталды. Алғашқы сот отырысына сотталушының өзі қатысқан жоқ, ол Талғардағы арнайы орталықта емделіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz "КТК"  телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл сот процесіне қатысушылар да санаулы. Мемлекеттік айыптаушы мен адвокат және жәбірленуші ғана келген. Өз балаларын өлтірді деп айыпталған келіншекті олардың бәрі жазғырудан аулақ. Оның психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емделгенін қалайды. Себебі екінші баласын туғаннан кейін 29 жастағы келіншектің жүйке жүйесі сыр берген.

Жәбірленуші деп танылған күйеуі жұбайының қыста қызын өлтірмек болғанын айтады. Одан соң, төркіні емдетеміз деп, Атыраудан Қандыағаш қаласына алып келген. Алайда екі ай бұрын әйел үш жасар ұлы мен 11 айлық сәбиін жастықпен тұншықтырып тынады.

Мамандар оның психоз дерті асқынып, қоғамға қауіпті екенін сараптама дәлелдеді дейді. Енді жаза кесу қажет пе, әлде жындыханаға жатқызу керек пе, оны сот шешеді.

"Талабым, енді маған былай айтқанда, опасыздық жасады. Екі баланың аруағы үшін мен ол жаққа жібергеннен... емделіп, қоғамға қосылғанын қалаймын. Мен қайын атамнан көмек сұрадым: "кішкене қызыңыз ауырыңқырап жүр, не істейсіз?". "Алып кетем, емшілерге апарамын, невропатология жағына қаратам" деген. Мен оған қарсы болған жоқпын. Әкесі және балдызым алып кетті", - дейді жәбірленуші.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.