Астанадағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында SmartLab инновациялық білім беру кабинеті ашылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
MANSURY компаниясы 2017 жылдан бері Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту бағытында жұмыс істеп келеді. Компания бүкіл ел бойынша, әсіресе ауылдық аймақтарға заманауи жиһаздар мен жабдықтарды жеткізу арқылы жүздеген мектепте сапалы оқу кеңістіктігін жабдықтап, мыңдаған жас өреннің заманауи мүмкіндіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Мектептегі интерактивті кеңістік STEM бағытындағы сабақтардың (робототехника, физика, биология, химия және байланысты пәндер) оқушыға беретін мүмкіндіктерін көрсетеді.
Кабинет соңғы технология – көпфункционалды зертханалық станциялар, цифрлық датчиктер, робототехникалық жинақтар, интерактивті панельдер, бағдарламаланатын жабдықтар, визуалды құралдармен жабдықталған. Бұл заманауи және динамикалық орта оқушылардың практикалық дағдыларын, зерттеу тәсілдерін және технологиялық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Болашақтың интерактивті білім беру ортасын құру – жай ғана жаңа кабинет ашу ғана емес, Қазақстанда баламасы жоқ заманауи оқыту форматына арналған бірегей платформа құру. Бұл кабинет – жаңа технология, кеңістік пен педагогикалық білім беруді түбегейлі өзгертетін жүйе.
Интерьердің бірегей дизайны шабыт беріп, балалардың білімге деген қызығушылығын оятады, шығармашылыққа, командалық жұмыс пен өздігінен зерттеуге ынталандырады. Бұл кабинет заманға сай біліммен сусындатып, қажетті ойлау тәсілдерін қалыптастырады.
Ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі, қала әкімшілігінің өкілдері, мектеп басшылығы, сондай-ақ білім беру және EdTech саласындағы жетекші мамандар қатысты.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.