homepage
Фото: Chat GPT

Skills Enbek платформасындағы жұмыссыздардың көбі – Түркістан, Алматы және Қостанай облыстарынан

03.06.2025, 07:05

2025 жылдың басынан бері Skills Enbek онлайн платформасында кәсіптік оқудан өткен 39,4 мың жұмыссыз азаматтың 10,4 мыңы Түркістан, Алматы, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласынан тіркелген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, онлайн оқуға қатысқан жұмыссыздардың ең үлкен үлесі осы өңірлердің жастарының есебінен толыққан. Бұл платформа арқылы олар түрлі мамандық бойынша қысқа мерзімді курстардан өтіп, біліктілігін арттыруға немесе жаңа кәсіп игеруге мүмкіндік алады.

Skills Enbek — жұмыссыз және жұмыс іздеуші азаматтарға арналған тегін оқыту платформасы. Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға дағдыны меңгергені туралы сертификат беріледі. Бұл құжат Enbek.kz порталындағы түйіндемеге автоматты түрде тіркеліп, жұмыс берушілерге көрінеді.

Платформада 1 000-нан астам онлайн курс бар, оның ішінде 300-ден астамы тегін. Курстардың ұзақтығы 1 сағаттан 72 сағатқа дейін. Оқу тілін, қарқынын және формат түрін әрбір қолданушы өзі таңдай алады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.