2025 жылдың алғашқы бес айында мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілер мен шағын кәсіпкерлерге жасалған келісімшарттар екі есеге артты. Сонымен қатар Қаржы министрлігі отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алуда жеңілдік беретін жаңа тетіктер әзірлеуде. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кенбел мәлімдеді.
Вице-министрдің дерегінше, қаңтар-мамыр аралығында жалпы сомасы 5 трлн теңгеге жуық 845 мың шарт жасалған. Оның ішінде:
534 мың – шағын және орта кәсіпкерлермен;
96 мыңнан астамы – отандық тауар өндірушілермен.
Өткен жылы осы кезеңде 2,4 трлн теңгеге 660 мың шарт қана тіркелген.
Вице-министр мұны биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заңмен және отандық өндірушілерге арналған артықшылықтармен байланыстырып отыр. Атап айтқанда:
аванс беру – 30%,
айыппұл көлемі – 3%-дан аспайды,
жергілікті мердігерге шартты 2 балл жеңілдік қарастырылған.
Жақын арада бұл талаптар одан әрі күшейтілмек: аванс 50%-ға дейін өсіп, төлем 10 жұмыс күніне дейін қысқарту жоспарлануда.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.