homepage
Фото: @t.me/KZgovernment

2026 жылдан бастап отандық өндірушілердің тізілімі автоматты түрде жүргізіледі

03.06.2025, 10:50

Қазақстанда отандық тауар өндірушілерге басымдық беруге арналған бірыңғай тізілім 2026 жылдан бастап толық автоматтандырылады. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Жаңа жүйе шынайы өндірушілерді автоматты түрде тізілімге енгізіп, жалған жеткізушілерді сүзгіден өткізеді. Өтініш беру рәсімі цифрлық форматта өтеді – қағазбастылықсыз, сарапшыларсыз және тексерулерсіз.

«Бүкіл процесс адамның араласуынсыз жүзеге асады. Бұл адал өндірушілерге жол ашып, жүйені тазартуға мүмкіндік береді», – деді Үкімет басшысы.

Қаржы, Цифрлық даму және Өнеркәсіп министрліктеріне 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің автоматтандырылған жүйесін іске қосу тапсырылды. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор сатып алуды тек осы тізілімге енген өндірушілерден жасайды.

Сонымен қатар, Премьер-Министр 1 тамызға дейін барлық заңға тәуелді актілерді жаңа талаптарға сәйкестендіруді тапсырды.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.