homepage
Фото: @t.me/minpromstroykz

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім: бұл тұрақты бағыт па, әлде уақытша нәтиже ме?

03.06.2025, 13:16

Биылғы төрт айда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 7,2 пайызды құрады. Өндірілген өнім көлемі 9 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев хабарлады.

Министрдің айтуынша, ең жоғары өсім жиһаз өндірісі, құрылыс материалдары, машина жасау және химия салаларында тіркелген. Ол бұл нәтижені мемлекет қабылдап жатқан қолдау шараларымен байланыстырды.

«Ұзақмерзімді келісімшарттар, оффтейк-келісімдер, реттелетін сатып алу және өнеркәсіптік алаңдарды дамыту – осының бәрі отандық өнімге сұранысты арттырды», – деді Нағаспаев.

Шын мәнінде, сұраныстың артуы өндіріс үшін жақсы белгі. Бірақ бұл өсім қаншалықты тұрақты? Бұл нақты өзгерістің белгісі ме, әлде мемлекеттік тапсырыстың есебінен болған уақытша нәтиже ме? Статистика өсімді көрсеткенімен, өнімнің сапасы, технологиялық деңгейі және нарықтағы орны туралы толық мәлімет жоқ.

Егер бұл тек ішкі сұраныстың әсері болса, онда өсімнің ұзаққа баруы екіталай. Өнеркәсіп тұрақты дамуы үшін қолдаудан бөлек, өз өнімін нарықта дәлелдей алуы керек.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.