Республикалық адвокаттар алқасы Конституцияның 30 жылдығына орай әзірленген рақымшылық туралы заң жобасына қатысты өз ұстанымын білдіріп, бірқатар маңызды ұсыныс айтты. Ұйымның пікірінше, құжаттың кей баптары қоғам күткен гуманистік мақсаттарға толық сай емес.
Атап айтқанда, заң жобасындағы рақымшылық қолданылмайтын қылмыстар тізімі тым кең. Бұл – қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың едәуір бөлігін рақымшылықтан тыс қалдырып, заңның әлеуметтік әсерін шектейді, дейді адвокаттар.
Сондай-ақ құжатта абайсызда жасалған құқықбұзушылықтарға жеңілдік қарастырылмаған. Адвокаттардың айтуынша, бұл істердің қоғамдық қауіптілігі төмен болғандықтан, алғаш рет сотталғандарға қатысты жеке көзқарас қажет.
Әйелдерге байланысты да нақты ұсыныстар айтылды. Жасы келген немесе жас баласы бар әйелдерге оқшаулауға балама шараларды қолдану – әлеуметтік және құқықтық тұрғыда тиімді шешім болар еді деп есептейді заңгерлер.
Адвокаттар қауымдастығы рақымшылық заңнамасы тиімді жұмыс істеуі үшін құжаттағы баптарды қайта қарап, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысатын кеңейтілген жұмыс тобын құруды ұсынды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.