2025 жылдың басынан бері Қазақстанда 288,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы түрлі көмек түрін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, олардың ішінде шамамен 224,3 мыңы – оңалтудың техникалық құралдарын (протез, арбалар, тифлотехникалық және гигиеналық заттар) алған. 24,4 мың адам жеке көмекшінің, 32,5 мың адам санаторийлік-курорттық емдеудің, ал 7,7 мың адам ымдау тілі маманының қызметін пайдаланған.
Портал арқылы көмекке тапсырыс беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Құралдар мен қызметтерді жеткізу немесе өздігінен алып кету қарастырылған. Жүйеде қазіргі таңда 999 техникалық құрал жеткізуші, 640 әлеуметтік қызмет көрсетуші, 133 санаторийлік мекеме, 760 ымдау тілі маманы және 31 мыңнан астам жеке көмекші тіркелген.
Министрлік портал азаматтарға таңдау еркіндігін беріп, рәсімдеу процесін жеңілдетуді көздейтінін атап өтті. Сонымен қатар, порталға тіркелген ұйымдардың қызмет сапасы мен қолжетімділігі мәселесі алдағы уақытта қосымша талқылау мен бақылауды қажет етуі мүмкін.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.