Атырау облысында Қашаған кен орнынан алынатын сұйытылған мұнай газын (СМГ) өндіруге арналған зауыттың құрылысы басталды. Жоба ішкі нарықты СМГ-мен қамтамасыз етіп, газ мотор отыны тапшылығын азайтуды көздейді.
Зауыт «QazaqGaz» АҚ мен «НортКаспиан Оперейтинг Компани» ЖШС арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бұған дейін тараптар СМГ-ны сату-сатып алу туралы шартқа қол қойып, 2024 жылы жобаның жол картасын бекіткен.
Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр: инфрақұрылым мен құрылғыларға негіз қалау басталған. Ал алғашқы газ көлемін қабылдау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Жоба Қазақстан үшін энергетика саласындағы ұзақмерзімді сұранысты жабу жолындағы кезекті бастама ретінде бағаланып отыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.