homepage
Фото: @uzbekistanfa

Тарихи жетістік: Өзбекстан алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды

06.06.2025, 04:55

5 маусым күні Өзбекстан ұлттық құрамасы футбол тарихындағы ең ірі жетістігіне қол жеткізді — команда алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Бұл тарихи жетістік Араб Әмірліктерімен сырт алаңдағы 0:0 есебімен аяқталған матчтан кейін тіркелді.

Аталған нәтиже Өзбекстанға өз тобында екінші орын алу үшін жеткілікті болды. Азия іріктеуінің ережесі бойынша, әр топтан үздік екі команда тікелей әлем чемпионатына өтеді. Өзбекстан А тобында 18 ұпай жинап, Ираннан кейінгі орынды иеленді.

Бұл — Өзбекстан құрамасының көпжылдық арманының орындалуы. Ел футболы алғаш рет әлемдік аренада бақ сынауға мүмкіндік алып отыр. Осылайша, Өзбекстан — әлем чемпионатына шыққан үшінші посткеңестік мемлекет атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке тек Ресей (4 рет) мен Украина (2006 жылы) қол жеткізген болатын.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнирге Азиядан 8 команда тікелей жолдама алады — бұл аймақ үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндік.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.