Алматы қаласында мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сот мәліметінше, М. есімді азамат 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін қызметте жүріп, «Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысына заңсыз араласқан. Қызмет бабын пайдалана отырып, аталған компанияға қамқорлық көрсетіп, нәтижесінде мемлекетке 12 миллион теңгеден астам залал келтірген.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, сот оны кінәлі деп танып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.