Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Нұртаң Ыдырысов алтын медаль иеленді. Бұл туралы juzmedia.kz порталы ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Жасөспірімдер арасындағы қос сырық жаттығуында Ыдырысов 13.933 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған турнирдегі үшінші алтын жүлдесі.
Күміс медальді кореялық Ча Йеджун (13.833), қола жүлдені жапониялық Томохару Танида (13.333) еншіледі. Тағы бір қазақстандық гимнаст Роман Хегай 13.233 ұпаймен төртінші орын алды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.