Колумбияда президенттікке кандидат әрі сенатор Мигель Урибе Турбайге ел астанасы Боготада өткен сайлауалды шара кезінде қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы juzmedia.kz порталы El Tiempo, Washington Post және басқа халықаралық басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 7 маусым күні Богота қаласындағы сайлауалды іс-шара кезінде болған. Күдікті жақын жерден бірнеше рет оқ атып, кейін қамауға алынған. Қазіргі уақытта жасөспірімнің аты-жөні жарияланбағанымен, El Tiempo оның 16 жаста екенін, бұған дейін қылмыстық топтармен байланысы болуы мүмкін екенін хабарлады.
Мигель Урибе – Колумбиядағы оппозициялық саясаткерлердің бірі, елдегі қауіпсіздік пен экономикалық реформаларды жақтайтын позициясымен танымал. Ол 2026 жылы өтетін президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелген болатын.
Шабуылдың нақты себептері мен ұйымдастырушылары әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдары тергеу басталғанын мәлімдеді. Колумбия президенті Густаво Петро бұл оқиғаны қатаң айыптап, елдегі сайлау процесінің қауіпсіздігіне кепілдік беру маңызды екенін атап өтті.
Бұл – соңғы жылдары Колумбиядағы саяси тұлғаларға жасалған ең ірі шабуылдардың бірі. Халықаралық қауымдастық та оқиғаға алаңдаушылық білдіруде.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.